ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРҚАТАР БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті.
Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Рүстемов БАҚ өкілдерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірқатар журналистерді Алғыс хаттармен марапаттады.
Басқарма басшысы Р.Рүстемов өз сөзінде «Ел Тәуелсіздігінің 23 жылында еліміз әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы орайда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде бұқаралық ақпарат құралдарының ролі зор» - деп атап өтті.
Айта кетейік, марапат иелерінің ішінде «oldkaz.kyzylorda-news.kz» облыстық интернет газетінің тілшісі Ақнұр Жағыпарова да бар.
Фариза ОМАРОВА