ТІЛ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫҢ ӨЗЕГІ
Қаладағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын оқырмандарға кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге орай «Ұлттық руханиятымыздың өзегі -тіл» атты ток-шоу ұйымдастырды.
Оған Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі және Абылай хан атындағы колледждің студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушылар жастар қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғанын, сондықтан да, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатынына тоқталды. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру сіз бен біздің қолымызда - деді «Абылайхан» атындағы колледждің оқытушысы Ғ.Асанова.
Мәдени шарада «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.