«КАЛЬЦИЛЕНГЕН СОДА ӨНДІРУ» ЖОБАСЫНЫҢ СТЕЛЛАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

- 2016 жылы «Арал Сода» ЖШС-нің «кальцилендірілген сода өндіру зауыты құрылысының инвестициялық негіздемесі» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілген болатын. Сода өндіру үшін негізгі шикізат әк (известь) болып табылады. Сондықтан шикізат қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы бойынша жақын маңдағы әктас кен орындарына геологиялық зерттеулер мен барлау жүргізіліп, зертханалық қорытындылар алынуда. Болашақта шикізатты Ақтөбе облысынан сатып алу көзделуде, - дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бектемір Жұмағұлов.
Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында зауыт құрылысы жүретін нысанға теміржол, автокөлік жолы, су, электр энергиясы және газ желілері инфрақұрылымын тарту жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындық сатысында. Жалпы зауыт құрылысы осы жылы басталады деп жоспарлануда.
