ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДӘРІС ӨТКІЗДІ
Осы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 5 адам суға батып кетті, оның 3-еуі бала. Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда облысы және қала мектептерінің оқушыларына интерактивті сабақ өткізуде.
Жасақ құтқарушылары – су айдынында қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керек екенін айтып жәнеде суға (мұзға) батқан зардап шегушіні құтқару тәсілдерін көрсетті.
Медицина-психология бөлімінің медбике-құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева суға батқан зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша дәріс оқыды.
Дәріс соңында су айдынында қауіпсіздік ережелері, құтқару тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы бейне роликтер көрсетіліп, сонымен қатар су (мұз) айдынында техника қауіпсіздік ережелері жөнінде парақшалар таратылды.
Жалпы, төтенше жағдайларды болдырмаудың бір әдісі – қауіпсіздік шаралары жөнінде оқытуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары десек, мұндай дәрістердің маңызы зор болмақ.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы