ШАЙ ҚОРАБЫНДАҒЫ ТЕЛЕФОН
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мамандарының айтуынша, оқиға былай болған. Аталған департаментке қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа інісі ұялы телефон өткізіп жібермек болады. Бұл оқиға кеше, яғни 19-наурыз күні орын алған. Жазасын өтеуші Н.Бектібаевқа қысқа мерзімді кездесуге келген інісі Е.Иман сәлемдеме бермек болады. Оның сәлемдемесін мұхият тексерген мекеменің №1 бақылып өткізу бекетінде кезекшілікте тұрған режим бөлімінің қызметкерлері күмән тудыратын затты байқайды. Яғни, «СХ100100ТІ» маркалы рентгентелевизор қондырғысы арқылы салмағы 2 келі болатын шайдың ішіне жасырылған «Cамсунг 5М8310Е ДУОС» маркалы ұялы телефоны тауып алады. Мұндағы жазасын өтеушілердің пайдалануына тыйым салынған затты кіргізбек болған тәртіп бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.