ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон полиция басқармасы және Жергілікті полиция қызметінен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес 219 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабымен 20 Қазақстан Республикасы азаматы және 519-бабымен 10 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өзбекстан Республикасының 19 азаматы әкімшілік жолмен, 1 азаматы азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды.
Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 19 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.