ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.