ОБЛЫСЫМЫЗДАН 800-ДЕН АСА АЗАМАТ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕЙТІН БОЛАДЫ

Сонымен қатар, Қызылорда облысынан «Көктем-2018» мерзімді әскерге шақыру науқаны барысында 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтейтін болады. ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберу жұмыстары наурыздың 15 мен маусымның 27-сі аралықтарына дейін жалғасады.
Алғашқы топтың 24 сарбазын кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты Алматы қаласында орналасқан №2021 әскери бөліміне жіберілді.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі