ТАҢ АЛДЫНДАҒЫ ӨРТ
Кеше Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Арал-Газ» ЖШС қарасты газ құю стансасының оператор бөлмесіне «Opel Vectra» жеңіл автокөлігі соққан. Жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар сол 15 наурыз күні таңғы сағат 05.45 минутта «101» өртке қарсы қызметіне түсті. Тосын оқиға салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күш-құралдары күшімен өр салған өрт 40 минут шамасында өшіріліп, 50 минутта толықтай сөндірілді. Өкінішке қарай, автокөлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиға орнында 11 қызметкер және 3 бірлік автокөлік жұмыс жасады.
Қызылорда облысы ТЖД