ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҰШУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА БОЛДЫ
Қорғаныс министрлігінің өкілдері ұшу кезінде борт технигінің қаза болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Биыл 13 наурызда МИ-8 тікұшағының жоспарлы ұшуы кезінде борт технигі Ж.Т. Тасыбеков қаза болды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, министрлік өкілдері қазіргі уаықтта осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза болған әскери қызметкердің отбасы мен туыстарына көңіл айтады.