ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Жер қойнауын пайдаланушылар төңірегіндегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналған әріптестік бағдарламаларды енгізу қажет. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, ҚР Мұнай және газ вице-министрі М.Мырзағалиевтің қатысуымен өткен жер қойнауын пайдаланушылар және мұнай сервистік компаниялармен өткізілген кеңейтілген мәжілісте Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Р.Досмаханов жергілікті мазмұндағы өнімдердің үлесін арттыру бойынша хабарламасында айтты.
Өз хабарламасында Палата директоры мұнай өндіру көлемінің бәсеңсу кезеңінде аталмыш салада жаңа технологияларды енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы өнімдер көлемін арттыру - аймақ экономкасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі екендігін жеткізді.
Мысал үшін, тек қана 2011-2013 жылдың өзінде облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу көлемі 835,7 млрд.теңгені құрады. Салыстыру үшін сол, мерзімдегі облыстағы мемлекеттік сатып алу көлемі 174,0 млрд.теңгені құраған.
Айта кеткен жөн, бүгінде облыста жергілікті жұмыстар мен қызметтерді ұсынушы 28 мұнай сервистік компаниялардан арнайы белдеу қалыптастырылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыс пен қызмет көрсету бойынша облыс бойынша жергілікті мазмұнның үлесі 80 және 90 пайызды құраса, тауарлар бойынша жергілікті мазмұнның үлесі 23,5 пайыз ғана.
Сондай-ақ, Руслан Досмаханов: «Әлемдік тәжірибеге сәйкес, мұнай-газ саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылатын аймақтарда шағын және орта кәсіпкерлікке арналған әлеует бар. Мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісім шарт жасау – жергілікті кәсіпорындар үшін аса маңызды. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушылар төңірегіндегі шағын және орта бизнесті дамытуға арналған әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру - жергілікті мазмұндағы өнімдерді дамытуға арналған негізгі құралдардың бірі», - деп баса айтты және жүзеге асыру механизмін баяндады.
Бағдарлама мұнай-газ саласындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сұранысқа ие тауарлар мен материалдардың жергілікті мазмұнын қалыптастыруға бағытталған.
Сала басшысының айтуынша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру - өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға айтарлықтай ықпал ете отырып, облысқа жеке инвесторлар тартуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметі