ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Қызылорда қаласы ТЖБ хабарлауынша басқарма бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е. Әлішеровтің басшылығымен басқарма қызметкерлері «ПМК-29», «КопЭС», «Дружба», «Строитель», «Ягодка», «Пищевик» саяжайлары және «Таңқаман» учаскесінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға сақтық шаралары мен су басу қаупі туындаған жағдайда атқаратын іс-әрекеттер туралы түсіндірме жұмысы жасалды, жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы


