ШАРШЫ ТАҚТА ҮСТІНДЕГІ БӘСЕКЕ

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарымен бірлесіп өткізілген шараның негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған сайыста жаза мерзімін өтеушілер дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, қол күресі сияқты ойын түрлерінен сынға түсті. Аталған сайыс кезеңдерінде белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленген жаза мерзімін өтеушілерді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
