112 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Нәтижесінде, есепті мерзімде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың 112 дерегі тіркелді. Оның ішінде, жануарлар әлемі саласында – 70, балық аулау саласында – 38 және өсімдіктер саласында – 4 құқық бұзушылықтар анықталды.
Жыл басынан бері облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, заңсыз аң аулау фактісі бойынша – 5, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша – 1, ағаштарды мен бұталарды кесу дерегі бойынша – 4.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі