ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІ ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ ВИДЕОБЛОГ ЖҮРГІЗЕДІ
Видеоролик елшінің үш тілде амандасуынан басталады.Ол Қазақстанда жүргенін, келгеніне бірнеше апта ғана болғанын және өз жұмысын елмен-жермен осылай танысудан бастағысы келгенін айтады.
Алдымен Астананың орталық базарына барған Майк Гиффорд ірімшік, талқан, құрт сияқты қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татады.



















