АЛМАТЫДА ЖАТАҚХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ: 230 АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі"101" пультіне Бостандық ауданы, Габдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. "Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, сағат 23.22-де. Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрттің аумағы - 18 шаршы метр. Өрт өрт бөлімшесі келгенге дейін ауыздықталды. Өртті сөндіру мақсатында жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданды.