ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ 300 МИЛЛИОН АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИЮЫ МҮМКІН

Жаһандық денсаулық сақтау кеңесінің төрағасы дәрігер Джонатан Квиктің (Jonathan Quick) пікірінше , бұл тұмау вирусы «адамзатқа белгілі вирустық қатерлердің ең күрделі және ең жылдам өсіп келе жатқан түрі» екен. Оның ойынша жаңа мутациялық штаммдардың жаһандық алауы 300 млн адамның өмірін қияды.
Дәрігердің ойынша, биылғы қыстағы тұмаудың орын алуы әлемге бұрын- соңды болмаған құс тұмауына қарсы алдын-ала іс-қимыл жасау керектігін ескертеді. Ол ауруханалар мен жаһандық экономика сияқты өмірлік маңызды инфрақұрылымдардың пандемияның көшкіні кезінде құлдырауы мүмкін екеніндігін атап көрсетті. «Қатерлі жағдайдың орын алуы үшін қазіргі жағдайлар өте қолайлы. Бұл 1918 жылы испан тұмауымен және 1956 жылы Азия тұмауымен болған жағдайларға ұқсас».