БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКАҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТФОРУМ ШЫМКЕНТТЕ ӨТТІ
Шымкентте өткен «жасыл экономика» бойынша «ЭКСПО-2017 өткізудегі өңірлердің рөлі» атты ІІ халықаралық инвестициялық форумға қатысушылар қалпына келтірілетін энергия көздерін дамыту перспективаларын талқылады.
Форумға министрліктердің, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, екінші деңгейлі банктердің, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысты. АҚШ, Ресей, Германия, Италия, Польша, Венгрия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея мен Малайзияның кәсіпкерлері де форумға қызығушылық танытты.
Панелдік сессиялардың бірі ЭКСПО-2017 өткізудегі өңірлердің рөлі мен маңызына арналған. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Салтанат Рахымбекованың сөзіне қарағанда, Ұлттық компания Қазақстанөңірлерін Халықаралық көрмені өткізуге барынша белсенді түрде тартуда, осы мақсатта Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.