ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ САУДА ҮЙЛЕРІНІҢ АШЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен қолдауымен Қызылорда қаласында «Стамбул – тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлері ашылды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
«EVIM» сауда маркасының Қызылорда облысындағы ресми өкілі ЖК «А. Алишеров» «Стамбул – тоқыма үйі» сауда үйінің де меншік иесі болып табылады.
Бүгінде «Стамбул – тоқыма үйі» сауда үйі қызылордалықтарға 20 мыңнан астам тауарлардың түрлерін ұсынуда. Олардың қатарында ас үй мен ваннаға арналған тауарлар, үй мен бақшаға арналған жиһаздар, тоқыма өнімдері, кәдесыйлардың сан алуан түрлері, сондай-ақ балаларға арналған тауарлардың түрлері бар.
Сауда үйінің директоры Алмат Әлішеровтің айтуынша, «Стамбул – тоқыма үйі» 15 адамды жұмыспен қамтып отыр, алда қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолайлы болуы үшін Палата «Стамбул – тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлерінің Сайтының ашылуына көмек көрсететін болады.
Нәтижесінде тұтынушылар үйлерінен шықпай-ақ жаңа тауарлар мен маусымдық жеңілдіктер туралы дер кезінде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Шынар БЕКБАН