ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР КОРТЕЖДЕН БАС ТАРТЫП, ЖҰРТҚА ӨНЕГЕ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Жастардың мұндай қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде", - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
Жас жұбайлар шын жүректен "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.
Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірген.


