12 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ТҰМАН ТҮСЕДІ

Жамбыл облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с, кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28м/с, кей жерлерінде тұман, найзағай ойнауы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.