ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУАДЫ ДЕП БОЛЖАНУДА
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді. Тек республиканың батысында күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады. Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Қарағанды облысында боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз оның екпіні 25 м/с-ке жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғып, 15-20 м/с жел соғады деп болжануда. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында көктайғақ болып, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғады, ал Алакөл көлдері ауданында оның күші 20-25, екпіні 30 м/с-ке дейін жетеді. Сондай-ақ Алматы облысында 2 желтоқсаннан бастап құбылмалы күн райына байланысты «Үшарал - Достық» автожолында (83-184 км) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Елордада бүгін желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрап, оқта-текте қар жауады, сынап бағанасы -11...-13 градусты көрсетеді. Алматыда +7...+9 градус, көшпелі бұлт шығады деп күтілуде.