АЛМАТЫДАН 459 ШАҚЫРЫМ ЖЕРДЕГІ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСТА ЖЕР СІЛКІНДІ
11 наурыз жексенбі күні сағат 06:19-да Алматыдан 459 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарланды "ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" (БҒМ СТӘЭ) мемлекеттік мекемесінің сайтында.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 459 шақырым жердегі оңтүстік-шығыста Қытай аумағында орналасқан. Жер дүмпуінің энергетикалық класы – 10.6. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 5 км. жер дүмпуінің сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.
BNews.kz