АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ПРЕСС-АТТАШЕСІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫНА ҚАЗАҚША ӘН САЛЫП БЕРДІ
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Пресс-атташесі Рэн Эльхай әйелдер қауымына 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол танымал қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің орындауындағы «алтыным» әнін орындап берді. «Құрметті ханымдар, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Армандарыңыз орындалсын!» - деп жазды Рэн Эльхай Instagram-дағы парақшасында.