АСТАНАДА АВТОКӨЛІК ОТҚА ОРАНДЫ
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2018-03/thumbs/1520517806_pozhar.jpg)
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, «Керуен» СОО маңында Volkswagen Multivan көлігі жанып жатқаны туралы хабар 16:52-де келіп түскен. Автокөліктің түгі қалмай жанып кеткен. «17:04-те тілсіз жау ауыздықталып, 17:20-да толықтай сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», - дейді Р. Иманқұлов.
Өртті сөндіруге қалалық Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.