МИГРАНТТАРДЫҢ ДА ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ
Қызылордада өткен баспасөз конференцияда БҰҰ-ның миграция жөніндегі Агенттігінің "Орталық Азияда адам саудасына қарсы күресті күшейту және әлсіз мигранттарды қорғау" жобасының таныстырылымы өтті.
БҰҮ-ның миграция жөніндегі Агенттігінің Халықаралық көші-қон ұйымы жобасының үйлестірушілері Аниса Куанова мен Салтанат Жасымбекова, «Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Сыздықова жиналғандарға жобының мақсаты мен міндеті жайлы айтып берді.
Қызылорда облысындағы миграциялық процестердің негізгі сипаттамасы өңірдің этникалық картасының өзгеруіне және ауылдық жерден қалаға көшудің күшеюі болып табылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің көрсеткіштері бойынша 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша миграция сальдосы – 4,648 адамды құрады (келгені 30,375 адам, шыққаны 35,023 адам). Сыртқы миграцияда Орталық Азиядан келген мигранттар басымдыққа ие. Мигранттар арасында тәукел тобын әйелдер құрайды, өйткені олар көбінесе түрлі зорлыққа тап болып жатады. Орнықты, барлық саланы қамтыған және тұрақты экономикалық өсім толыққанды және өнімді, барлығына лайықты жұмыс көзін қалыптастыру үшін, сондай-ақ мәжбүрлеу еңбегін, заманауи құлдық пен адам саудасын жою, зорлықты, атап айтқанда әйелдер құқығын қорғау, әйел мигранттарда еңбек қанауына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және барлығы үшін, әсіресе формальді емес түрде реттелетін және реттелмейтін секторларда қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету керек.
Айта кетейік, мигрант жөніндегі халықаралық өкілдігі Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің және басқа да халықаралық донорлар қолдауымен Қазақстанда 2000 жылдан бері мигрант және адам саудасы бойынша бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен тығыз әріптестік байланыс арқасында ондаған жобалар жүзеге асырылды.