АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ
Домалақ ананың күйеуі Бәйдібек мыңғыртып мал айдаған, жел-маясы желген, отар-отар қойы өрген, сауда жасап, талай-талай керуенге жүк артқан, байлығы асқан адам еді. Ол кез «жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» деген уақыт еді. Күндердің күнінде алатау асып келген қалың жау, ҚаратаудығЫ жонын жайлап отырған Бәйдібек байдың ауылын шауып, жылқысын айдап кетіпті. Бәйдібек ол кезде сапарда екен. «Жау шапты деген хабарды естіп, ол жасақ жинап, бәйбішесі сарыдан туған алты ұлын бастап жауға аттанбақ болады. Сонда Домалақ ана күйеуіне:
- Баеке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса жылқыңыз алты күннен соң барымташыларға қайыру бермей, ауылға өзі келеді. Жауды қума, азаматтар аман жүрсін, осы тілегімді беріңіз, - деп өтінеді.
Оған тұтанып тұрған Бәйдібек күйеуі қайдан көнсін. Кектенген жауына жүріп кетіпті. «Ойланбаған опық жейдінің» кері, Бәйдібек жау жасағы Күйік асуына жеткенде қуып жетіп, ұрыс салады. Бірақ жасанып келген жау көптігін танытып, қазақ жасағына теңдік бермепті. Осы соғыста Бәйдібектің алты ұлы өліп, оларды үш қарасай жасағына жерлеп, ауылына қайтыпты.
Арада біраз күн өткенде Домалақ ана айтқандай, байлаулы тұрған құла айғыр жерді тұяғымен дүрсілдете тарпып, азан-қазан кісінеп қоя береді. Сол күні намаздыгер шақта қалың шаң көрініп, Бәйдібектің қалың жылқысы ауылға келеді. Сөйтіп Домалақ ана ақылдылығымен үйде отырып-ақ жылқыны ауылға қайтарған екен.
Домалақ ана Балабөген өзенінің сағасындағы жазыққа жерленген. Көгілдір тау қоршаған сол жазықта сәулетті күмбез көрінеді. Аналардың анасы, байтақ еліне жақсылық тілеп жатқандай.