ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

Оның айтуынша, қоғамдық бақылау картасы ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына да бақылау жасайды.
«Бақылау үш түрлі тәсіл арқылы жүргізіледі. Бірінші жолы қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және күрделі емес тәсілдерінің бірі әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады. Яғни, ватсап және телеграм мессенджерлері арқылы. Екінші жолы «Qamqor» қосымшасы арқылы, үшінші тәсілі аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады", - деді А.Мұхимов.
Арнайы мониторингтік топтың басшысы Анар Ізденнің айтуынша, бұл бастама жол және әлеуметтік нысандар құрылысы, медицина, білім беру және басқа салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған тұрғындарға пікірлерін ашық айтуға және жемқорлықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.