ЛАЙЫҚТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Оған Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагерлер шақырылды. Салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хаты оқылды. Департамент бастығы Ғанибек Отарбаев қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқаратын әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, қызметтеріне жемісті табыс тіледі.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, үлгілі атқарғаны үшін ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Р.Альтаева және ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты Г.Байсариеваға «Алғыс хат» табысталды.
Ал департамент бастығының бұйрығымен зейнеттегі ардагерлер мен еңбегімен көрінген бірнеше қызметкерлер грамотамен және Алғыс хаттармен марапатталды.