АЙМАҚТА 2015 ЖЫЛЫ 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Қызылорда облысында индустриалды жобаларды жүзеге асыру аясында 2015 жылы 10566 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева мәлімдеді.
Биылғы жылы жалпы құны 360 миллиард теңгені құрайтын «Бейнеу-Базой-Шымкент» газ құбырының құрылысы және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральді көлік дәлізінің біздің аймақтағы құрылысы аяқталмақ. Бұл құрылыс нысандарында 6 мың адам жұмыспен қамтылған болатын.
Ж.Жылқышиеваның айтуынша жақында Қызылорда облысында министрліктің 2014-2015 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы бекітілген.
«Аймақтағы жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында 2017 жылға дейін 7800 жаңа жұмыс орнын ашу үшін қосымша 3 млрд теңге қаржы қаралған. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына 7,2 милрд теңге бөлінген, тең жартысын жастар құрайтын бағдарламаға қатысушылар саны 7900 адамды құрады», - дейді басқарма басшысы.
Фариза ОМАРОВА