КӨКТАЙҒАҚ, ЖЕЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 6 наурыз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, оңтүстіктен-батысқа ауысып соғатын 15-20, екпіні 23 м/с жел күтіледі. Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы