ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН
Елбасымыз қай кезде де халықтың қамын ойлап, тұрмыс жағдайларының, әлеуметтік мәселелерінің шешіліп отырылуына қамқорлық жасауда. Бүгінгі әлеуметтік бастамаларының барлығы да әрбір қазақстандыққа жақын. Елімізде Тәуелсіздік алғаннан бері қаншама тұрғын үйлер салынуда. Дегенмен, халықтың тұрғын үйге деген сұранысы азаймай келеді. Осы мәселені шешуде Елбасымыз «7-20-25» деген бағдарламаны бастамашылықпен ұсынып отыр. Бұның мәнісі осы кезге дейінгі 14-16% жылдық өсімнің орнына 7% аспауды ұсынады. Егерде бүгін банктер алғашқы төлемін 30-50% талап етсе, бұл бағдарлама бойынша алғашқы төлем 20% аспауы керек. Егерде алған несиені жабу мерзімі 10-15 жыл болса, бұл бағдарлама бойынша 25 жылға созылған.
Үшінші бастамаға тоқталсақ, жоғарғы білімге қолжетімділік және сапасын көтеру. Бұл бастама бойынша жылдағы 54 мың грантқа 20 мың грант қосылады. Оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға. Себебі экономикамыздың жаңа жағдайында төртінші өнеркәсіптік револицияның талабына сай мыңдаған мамандар дайындалып шығады. Сонымен қатар, студенттердің жағдайы болу үшін 25 мыңнан астам орынға студенттік жатақхана салуды ұсынып отыр.
Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,
қоғам қайраткері, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі