ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН РУХАНИ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ДҮНИЕ
Бүгін парламент палаталарының біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бес әлеуметтік бастамасын жария етті. Бұл қазақстандықтардың болашағына деген сенімін нығайтатын тағы да бір қадам деп айтуымызға болады. Бүгінгі таңда көтерілген бастамалардың барлығы да қазақстандықтарүшін өзекті мәселелердің бірі екені анық. Баспана мәселесі жас шаңырақтың үлкен бір өзекті мәселесін шешуге арналған бағдарлама деп айтуымызға болады. Оны жеңілдетілген несие арқылы беру, оның барлығы да белгілі бір деңгейде жастарға үлкен бір қамқорлық.
Екінші мәселе, білім гранттарына байланысты 2018-2019 оқу жылдарынан бастап 20 мың білім гранты бөлінеді деді. Бұл да жастардың белгілі бір мамандықтың иесі болып шығуына, жоғары білім алуына үлкен әсер ететін үлкен бағдарлама деп айтуымызға болады. Сонымен бірге айтылған мәселенің біреуі, бұл шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету. Осы бағытта биылдан бастап қомақты қаражат бөлінетінін айтты. Орта және шағын бизнесті дамыту –біздің мемлекетіміз үшін аса қажетті мәселенің бірі. Өйткені, одан түсетін салық мемлкеттің қоржынына түсетін болса, екінші жағы жалпы халықты жұмыспен қамтудағы бірден-бір төте жол .
Қазақта мынадай сөз бар «Жел басынан сипаса, жердегі гүл жетілер, ел басынан сипаса, иелдегі ер жетілер» деген. Яғни, қазақстандықтар өзіне қамқорлық жасайтын мемлекеті бар екендігін сезінеді. Бұл осы бағытта жасалған үлкен бір жоба деп айтуымызға болады.
Ғабит ТҰЯҚБАЕВ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика
кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты