АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛЕДІ
15 наурыз – Бүкіл әлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні. Бұл күн Бүкіләлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні болып 1961 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілді. Атаулы күн тек 1983 жылдан бастап кең көлемде атап өтіле бастады.
Биылғы жыл 15-наурыз – Бүкіл әлемдік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Making digital market places fairer» – «Цифрлық нарықты әділ және адал жасайық» деген ұранымен өткізілетін болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылдың 1 мен 15 наурыз аралығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Ашық есік күнін» өткізеді. Облыстық департамент мамандары департаментіміздің әкімшілік ғимаратында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30) күтеді.
Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №5 үй, №210 кабинет, телефон (87242) 26-22-61, 26-23-67.