ҚАЗГИДРОМЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА СУ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛУІ МҮМКІН ЕКЕНДІГІН ЕСКЕРТТІ
Қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін.
Қазақстанның басым бөлігінде 4-7 наурыз аралығында көп жауын-жашын түсуі күтілуде, соған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
4 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-жашын (жаңбыр басым) қатты түсуі күтілуде. Соған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылуы мүмкін.
1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы территориясының 54%-да, Жамбыл облысы территориясының 27%-да, Оңтүстік-Қазақстан облысы территориясының 14%-да, Қызылорда облысы территориясының 66%-да қар жамылғысы жатыр.
04-05 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан облыстары бойынша қысқа мерзімді күндізгі ауа температурасының +50C-қа жоғарылауы, жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде ағын пайда болуы мүмкін.
1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Атырау облысы территориясының 55%-да, Батыс-Қазақстан облысы территориясының 99%-да қар жамылғысы жатыр.
6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында қысқа мерзімге ауа температурасы күндіз 0+50C жылыға дейін, Шығыс Қазақстан облысында +3+80C жылыға дейін жоғарылайды. Осыған байланысты, қар еріп, өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін.
1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодароблыстары территориясының 99%-да, Шығыс Қазақстан облысында 92%-да қар жамылғысы жатыр.