ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Арал ауданында жаңадан салынған өрт сөндіру бөлімінде «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты оқуға шақырады» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға №62 мектеп-лицейдің 10-11 сынып аралығындағы 29 оқушысы және мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары А.Жүсіпова, сынып жетекшісі Ж.Бегімова және дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғ.Берденов қатысты.
Іс-шара барысында Қызылорда облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Н.Әбуова мектеп оқушыларына Көкшетау техникалық институты туралы және оқуға түсу талабы мен бағдары жөнінде толық мағұлмат берді. Арал ауданы ТЖБ және №3 ӨСБ қызметкерлері оларды өз кезегінде жаңа ғимаратпен және өрт сөндіру техникаларымен таныстырып, төтенше жағдайды болдырмау және өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және
ақпарат тобы