«ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУДІҢ» БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОБАСЫ ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ WSIS-2018 КОНКУРСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
«ҰАТ» АҚ«Техникалық қарап-тексерудің» бірыңғай жүйесі жобасының Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесуінің WSIS Prizes-2018 халықаралық байқауында чемпион атанғандығы туралы хабарлайды.
Аталған жоба байқауға Қазақстан Республикасы атынан «АКТ-ны пайдалануда сенімділік пен қауіпсіздікті қалыптастыру» категориясына жіберілген.
WSIS Prizes-2018 беделді конкурсқақатысу үшін әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен 685 жобабағын сынады, оның ішіндегі ерекше деп танылған 492 жоба одан әрі онлайн дауыс беруге ұсынылған. Дауыс берудің қорытындылары мен қазылар алқасының сараптамалық бағалауы бойынша, әр категориядағы ең үздік бестігіне кірген 90 жоба чемпион деп танылды.
WSIS Prizes 2018 байқауы 4 кезеңмен өтті: өтінімдерді қабылдау, сарапшылар тобының байқау номинанттарын анықтау, номинанттарға онлайн-дауыс беріп, әр категория бойынша үздік бестікті анықтау және ең соңында – сарапшылар тобының жеңімпаздарды таңдауы. WSIS 2018 жеңімпаздары мен чемпиондарын марапаттау рәсімі 2018 жылдың 19-23 наурыз айында Женева қаласында (Швейцария) өтеді.
«Техникалық қарап-тексерудің» бірыңғай ақпараттық жүйесі барлық техникалық қарап-тексеруден өту фактілері туралы ақпарат орталықтандырылған, сенімді және уақытылы жүргізілу үшін, жол-көлік апаттарының болу себептерін ықшамдау және Қазақстандағы барлық техникалық қарап-тексеру орталықтарын біріктіру үшін құрылған.
Жобаның негізгі мақсаты механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық қарап-тексеруден өтуін есепке алу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені құру болып табылады.
Жүйе Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2013 жылдан бастап қолданылады, жүйенің негізгі пайдаланушылары – Жол қозғалысы саласындағы уәкілетті орган, Техникалық қарап-тексерудің операторлары, көлік құралдарының иелері болып табылады. Қазіргі таңда жүйеге техникалыққарап-тексерудің барлық операторлары қосылды. Техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің бірыңғай деректер қоры іске асырылды.
Естеріңізге салсақ, былтырғы жылғы Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесуінің WSIS Prizes-2017 халықаралық байқауыныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үш жобасы – Электрондық үкімет, Ашық үшімет, Бірыңғай байланыс орталығы 1414 чемпион атанған болатын.
Анықтама:
WSIS – Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесуі –ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ең ірі оқиға, әлемдік беделді IT-сарапшыларының сұхбат алаңы. Көпжақты процеске мемлекеттік басқару органдарының, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, жеке меншік секторы және азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Кездесудің мақсаты – әркім ақпарат пен мағлұматтарды құруға, оларға қол жеткізуге, деректерді пайдалануға және олармен алмасуға мүмкіндік беретін барлығынаашық ақпараттық қоғам құрудағы негізгі міндеттерді қалыптастыру.
www.nitec.kz