АРАЛДЫҚТАРДЫҢ АЛАБӨТЕН АЛҒЫСЫ
Бүгін барша қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Арал аудандық бөлімінде "Алғыс айту күніне" орай ерекше шара өтті. Теңіз төскейінің тұрғындары ХҚКО мамандарына айрықша риза. Мұндағы орталық қызметкерлерін бір топ мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары келіп, айтулы мерекемен құттықтады.
Арал аудандық Оқушылар үйінің шәкірттері өз өнерін көрсетті. Балалардың орындауында домбырамен ән айтылып, күй тартылды.
Осылайша аралдық тұтынушылар аталған бөлімнің халыққа қалытқысыз қызметі үшін алғыстарын білдіріп, ерекше ризашылықтарын білдірді.