ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Осы ретте Қызылордада жас ұрпақты ұлтжанды азамат етіп қалыптастыру тетіктері TED форматындағы диалог алаңында талқыланды. Шара аясында рухани жаңғырудың бағдарламалық мазмұны мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының ұсыныстары сабақтастырылған үлгілік нұсқаулық таныстырылды. Сондай-ақ, «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндер», «Қазақша Wikipedia» секілді 11 жобаның тиімділігі сараланды. TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар жаңа форматта интербелсенді әдістерге негізделуі тиіс екендігін айтты.
Балзия Абдуллаева, облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернат директоры:
- Жалпы, барлық әлеуметтік жобалар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі. Тәрбие жұмысы кішкене 2-бағытта қалғанын жасырмаймыз. Қазіргі таңда жаһандық білім кеңістігін игеру үшін саналы азамат тәрбиелеу қажет. Саналы азаматты тәрбиелеу үшін тәрбиеге негізделген білімнің қажеттілігі туындап тұр.
24.кз