«АДАМЗАТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ – АБАЙ» КІТАП КӨРМЕСІ

Абайды толық танып білу үшін әлі де қаншама жылдар мен қажырлы еңбек қажет. Соған қарамастан бүгінде бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Қазірде үздіксіз зерттеліп жатқан құнды деректер халыққа жол тартуда.
Көрмеге Абай Құнанбаевтың шығармалары, «Абай» журналының шығу тарихы және журнал туралы тың деректер қойылды. Сондай-ақ, «Абай» журналының 2016 жылдың №2 арнайы шығарылымында Семей жеріндегі қара шаңырақ – Абай мұражайы қорында сақталған бірегей естеліктер оқырман қауымға ұсынылды.