ӘСЕРЛІ ӨТКЕН ӘН КЕШІ

Өзінің қоңыр үнімен қалың тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаздың концертінде сахна шымылдығы «Ел айырылған» халық күйімен түрілді. Асыл өнердің арқауын жалғаған әнші орындауындағы «Жайма қоңыр», «Ағайша», «Дүние-ай» сияқты халық әндері ауылдағы ағайынды бір серпілтті. Осылайша, дәстүрлі әнші саф өнерге сусаған жұрттың қошеметіне бөленді. Мұнан кейін кеш «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі орындаған «Гүл-гүл жайна», «Тау ішінде», «Балымша», «Самалтау», «Гүлдариға», «Өсиет», «Сәулем-ай» сынды шығармалармен жалғасын тапты.
Айта кетейік, аталған ән кеші «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылды.