ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» ҚАБЫЛДАНБАҚ
Қызылордада «Жастар кәсіпкерлігін дамыту жол картасы» әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, аталмыш карта кем дегенде екі мәселені – шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау, сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуді шешуге септігін тигізеді.
Бүгінде Қызылорда облысында ШОБ-тың аймақтық ЖІӨ-дегі үлесі 11%-дан төмен, өз кезегінде Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай елдің ЖІӨ-де ШОБ-тың үлестік салмағын 50 пайызға дейін көтеруді тапсырды. Ал жастардың жұмыс істеуге шамалары да жетеді, әрі идеялары да мықты.
Айта кетсек, бұл Қызылорда өңірінде жастар бағытында жүзеге асырылып жатқан алғашқы Жол картасы емес. Аймақта жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, осыған байланысты «2014-2015 жылдарға арналған жастар саясатын дамыту жол картасы» қабылданып, іске асырылып келеді.