ЖУРНАЛИСТЕР НАЗАРЫНА! БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАР ҚАБЫЛДАНУДА!
ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық соты журналистер арасында «Сот репортері» байқауы өткізіліп жатқанын назарларыңызға саламыз.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген байқауға 2018 жылдың 1 қаңтарынан 20 маусым аралығында газет, журнал, интернет газеттер мен порталдарға жарияланған мақала, очерк, сұхбаттар, көрсетілген бейнесюжеттер мен телебағдарламалар, қазақ және орыс тілінде қабылдануда.
Байқау талаптары бойынша журналистердің авторлық жұмыстары қоғамда заңдылықты, тәртіпті нығатудағы сот қызметі, оның рөлі, сот процестерінің тәрбиелік және профилактикалық рөлі, моральдық - адамгершілік тақырыбындағы сот судьялары жайлы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы, сот жүйесіне енгізілген қазіргі заман технологияларының халық үшін пайдасы, бастысы фемида қызметкерлерінің ауыр, сонымен бірге мәртебелі еңбегін ашуы керек.
Байқау материалдары «Байқауға!» деген белгімен белгіленіп жарияланған күнін, қысқаша аннотациясын, авторы туралы мәліметтерді, (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты жері, телефон нөмері, электрондық пошта адресі) өтініш жазып, автор материалы жарияланған газет немесе журнал тұпнұсқада немесе редакциялық баспа куәландырған көшірме, сондай - ақ, электрондық нұсқада (СД-дискіде) папкаға жинақталып ұсынылуы тиіс.
Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды.
Байқау жеңімпаздары ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалы дайындаған арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй, 514-кабинет, E-mail: pressa_kzloblsud@mail.ru, тел: 55-12-16, 55-97-24.Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі