САЗДЫ ӘУЕНІ ЖҮРЕКТЕРДІ ТЕРБЕГЕН...

Бүгін облыс орталығындағы №264 мектеп-лицейде Халықаралық композиторлар конкурсының лауреаты Талғат Нағашыбаев пен ұстаз-композитор Сәкен Шынымовтың балаларға арнап жазылған әндерінен авторлық ән кеші болып өтті.
Салтанатты шараға композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Тайманов, педагогика ғылымының докторы, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, белгілі композитор Сәбит Ұлықпанұлы, Қорқыт ата мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Бахытхан Абдикаримов қатысты.
Шығармашылық кештің төріндегі қос өнерпаз бүлдіршіндердің орындауында өз әндерін тыңдап, көрерменнің ықыласына бөленді. Кеш соңында өнер өлкесіндегі шоқтығы биік еңбектері еленген қос талант иелері Қорқыт ата мемлекеттік университетінің «Үздік түлек» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, оларға облыс, қала әкімдіктерінің, облыстық кәсіподақ, мәдениет, білім басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.