КОНТРАФАКТҚА ЖОЛ БЕРМЕ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Контрафактілік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау, жолын кесу және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында «дөңгелек стол» өткізді.
Департаменттің профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Әлкебайұлы Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі – контрафакт өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес туралы баяндады.
Контрафакт өнімдерінің заңсыз айналымы – көлеңкелі экономиканың кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Өткен 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198 бабымен (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) 32 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Сонымен қатар тауар белгісін заңсыз пайдаланумен (ҚР ҚК 222 бабы) байланысты бір іс анықталған. Барлық істердің өндірісі толық аяқталды. Құқық иелеріне келтірілген 9,1 млн. теңге көлеміндегі залал қалпына келтірілді.
Спикер, қатысушы барлық тұлғаларды тауар сапасы мен түпнұсқасына қатысты әрдайым сергек болуға шақырды. Сондай-ақ, барлық құқық иелерін және кәсіпкерлерді контрафактілік өнімдерді сататын, сақтайтын фирмалар және сату орындары туралы ақпараттар болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының тәулік бойы қосулы болатын телефондары туралы хабардар етті.
«Дөңгелек стол» кедесуіне облыстык кәсіпкерлер палатасының және облыстық әділет департаментінің өкілдері қатысты. Өзара бірлескен әрекеттер жоспарланып, тауардың түпнұсқалығын анықтауға бағытталған көрнекі ақпараттар дайындау шаралары талқыланды.