АРАЛДА СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып отыр.
Осы ретте, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж.Асановтың маңызды ұсынысымен түсіндіру мақсатында Төраға кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес арнайы келіп қатысты.
Жиын барысында Төраға кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың тапсырмасымен маңызды бастаманы ұсына отырып, бұл пилоттық жобаны сынақтан өткізу үшін Қызылорда облысы таңдалып алынғандығын жеткізді. Егер жоба нәтиже беріп, бір ізге түсетін болса басқа да өңірлерге тарату жұмыстары қолға алынбақ.
Жобаның ең негізгі мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу.

