РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Олимпиадаға қала мектептерінен 9-11 сыныпта оқитын 30 оқушы қатысты. Қатысушылар эссе жазып, тест сұрақтарын орындаудан сайысқа түсті. Нәтижесінде зияткерлік және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген №11 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы А.Әлмахан, №235 орта мектептің 9 сынып оқушысы Г.Әбсадық, №217 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ж.Досжанова І орын иеленді. Жүлдегерлер ертең 1 наурыз күні өткізілетін облыстық олимпиадаға қатысады.


