МАМАНДАРДЫҢ ШИРАҚТЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Төтенше жағдайлар кезінде адамдардың іс-әрекетін жоспарлау және белсендіру үшін жасалған жаттығулар қызметкерлер үшін психологиялық тренинг болуы шарт болатын. Сондықтан да мекеменің сыртқы және ішкі қарауыл күзеті күшейтілді, бекеттерде қосымша бақылаушылар қойылып, белгіленген тәртіппен әрекет жасады. Байланыс құралдарының да қызметі сыналды. Жаттығу барысында барлық телефон, рация байланыстары мінсіз жұмыс жасады.
Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары да қарастырылды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығу шаралары қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Адам өмірі мен материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған кезекті жаттығу жоғары дайындықты көрсетті.
ЗК-169/1 мекемесінің режим және
күзет бөлімі ВӨҚ инспекторы