БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ЕРЖҰМАН СМАЙЫЛ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Е.Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Еңбек жолын "Социалистік Қазақстан" газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - "Лениншіл жас" газетінде редактордың орынбасары. 1987-2003 жылдары - "Егемен Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.