АРНАЙЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде Арнайы мониторингілеу тобының кезекті отырысы өтті.
Отырыста Қызылорда облысының білім басқармасына бағынысты кәсіптік - техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. Талдау барысында колледж қызметтерінің 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарының кезеңдері қамтылды. Талдау нәтижесінде 5 нормативтік-құқықтық актілерде қарама қайшылықтар, 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғатын нормалар анықталған. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді саралау барысында колледждер тарапынан бірнеше артық құжаттар сұрату бойынша фактілері орын алған.
Отырыс қорытындысымен облыстық білім басқармасына бірқатар ұсынымдар берілді.